Қытайлық Мұхаммед
Қытайдан 10 жігіт Исламды қабылдап, умра ету ниетінде жолға шығады. Арасында 2-3 ай және 2-3 апта ғана бұрын Исламды қабылдаған жігіттер де болатын. Олардың Ислам жайлы білімдері аз болатын. Меккеге барғандарына қатты қуанады. Жаңадан Исламды қабылдаған бұл жігіттер өздерінің аттарын өзгертіп, мұсылман аттар таңдайды. Бұл жігіттердің арасында Мұхаммед дегеннің иманы күшті болатын. Бір күні ол дінден хабары бар адамнан:
— Ислам діні арақ және сол секілді нәселер жайлы не айтады? деп сұрағанда, әлгі адам:
— Арақ секілді мас ететін ішімдіктер харам денілген. Оны ішу харам, сату харам, тарату харам, – деген жауап алдады.
Сонда әлгі қытайлық Мұхаммед қонақүйге бара салысымен еліне телефон соғып інісіне:
— Арақ зауытымызды бүгін жапқын! Бұл Аллаһтың әмірі. Оған бой ұсынуымыз керек! – дейді.
Інісі: – Зауытты бүгін жапсақ, бірнеше миллион ақшадан ұтылып, үлкен қарыздарға батамыз! десе де, ағасы Мұхаммед айтқанынан қайтпайды. Інісіне: “Бүл Жаратқанның әмірі! Сен өндірісті дереу тоқтат. Мен елге оралғанымда қарыз мәселесін өзім шешемін” дейді. Інісі зауытты жауып тастайды.
Кейін олар Меккеден Мәдинаға барады да Пайғамбарымыздың мешітіндегі “Бұл жәннат орындарының бір орны” деген жерде таң намазын оқиды. Намаз оқылып бітсе де, Мұхаммед басын сәждеден ұзақ көтермей әлі отыр. Шаршауы басылмай ұйықтап қалды ме екен деп оның желке тұсына жолдастарының бірі қолын қойғанында, Мұхаммедтің жансыз денесі құлап түседі. Дереу дәрігерлерді шақырып Мұхаммедті жақын арадағы ауруханаға апарады. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтып, ауруханадағы мәйітханаға алып кетеді. Бір кезде аурухана алдына бір қымбат автокөлік келіп тоқтайды. Ол көлікке қарап иесінің өте мансапты адам екендігін білуге болтын. Елдің бәрі оны құрметпен қарсы алады. Ол кісі – Мәдина қаласының әйгілі ғалымы болатын. Әлгі кісі:
— Бүгін осында қытайлық бір кісінің мәйітін алып келді ме? деп сұрайды.
— Иә, алып келді. Сіз оны қайдан танисыз? – деп сұрайды достары. Ол кісі:
— Кеше түнде түсімде Алла Елшісін (с.ғ.с.) көрдім, Ол маған: “Ертең осы жерде бір қытайлық үмметім өледі, оның жаназасын шығар деп айтты. Оның жаназасын шығаруға келдім” деп жауап береді.