Ұрыға берілген садақа
Бір адам таңғы намазға кетіп бара жатып: «Бүгін түнде біреуге садақа беремін»,- деп ниеттенеді. Жолдан бір кісіні көріп, соның алақанына ақшаны ұстатады да, кете береді. Сол күні аян түс көреді, түсінде садақаны бір ұрыға бергені айтылады. Жаңағы адам мұқтаж біреуге емес, ұрлықпен жүретін біреуге бергені үшін қатты қобалжиды. Ертеніңе садақаны қайта беруді ойлайды. Түнде қараңғыда шығып қараса, бір әйел жүр екен. Қасына барып, қолына садақасын ұстатады. Сөйтсе, ол әйел зинақорлық жасаған біреу екен. Оны естігенде адам одан ары мұңаяды. Енді шын мұқтаж біреуге бермекші болады. Бірақ ертеңінде мешітке бара жатып, байқамастан садақасын бір бай кісіге беріп қояды. «Садақам қабыл болмады-ау” деп үйіне қайтады. Түсінде оған: «Садақаларың қабыл болды. Өйткені ұры сенің садақанды алып, «Расында да рызықты беретін тек Алла»- деп ұрлықтан бас тартады, әйел зинақорлықты тастайды, бай адам «жағдайы менен нашар бола тұра, садақаны аямай беріп жүр» — деп сенен ғибрат алып, Алла Тағаланың өзіне берген ризығынан садақа бере бастады», — деп сүйінші хабар беріледі.